Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген

Облыста интернет арқылы жасалатын алаяқтық азаймай тұр. Жыл басынан бері 200-ден астам фактІ тіркелген. Жуырда 10-нан астам солтүстікқазақстандықты сан соқтырып кеткен алматылық жігіт ұсталды. 31 жастағы пысықай  әлеуметтік желіде жалған парақша құрып, адамдарға  жоқ тауардың құнын төлетіп жүрген.

Ақшаны алып ап, байланысқа шықпай қойған. Жақында жергілікті тәртіп сақшыларына интернет-алаяқтардың құрығына іліккен бірқатар тұрғыннан арыз келіп түскен. Барлығы онлайн-дүкенге қатысты. Бір пысықай “Инстаграм”-да жалған парақша құрып, әйелдерге арналған киім-кешектің суретін салып, жоқ дүниені қымбат бағамен қойса керек.

Жангелді Әпенов – Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Көп жағдайда әйелдер алданып қалған. Instagram әлеуметтік желісіндегі «Modnyi Store» парақшасынан киімге тапсырыс беріп, алдын ала төлемді аударған. Жіберілген сома әр түрлі: 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейін. Қаржы шотқа түскеннен кейін қаскөй байланысқа шығуды қойған.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған жігіт – Алматы қаласының 31 жастағы тұрғыны. Теміртау қаласында құрықталған. Алаяқ қазір қамауда отыр. Оның өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

– Куда получали предоплату?

– На Qiwi-кошелек.

– После получения предоплаты какие ваши действия были?

– Думал верну, так и не получилось.

– Дальше, что? И вы заблокировали их?

– Ага… А писали вы как им, в WhatsApp, или в Instagram?

– Да, в direct.

13 солтүстікқазақстандықты сан соқтырып кеткен алаяқ 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан немесе жеке мүлкінен айырылуы мүмкін.

Жанна Бисенова