Құрылыс

Петропавлда жуырда “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша 18 қабатты үй тапсырылады

Солтүстікқазақстандықтардың құлағына алтын сырға! Петропавл қаласында “Шаңырақ” бағдарламасының қатысушыларына арналып көпқабатты 10 баспана бой көтеруде. Бүгінде олардың бірі толығымен дайын тұр. Наурыздың 29-ынан Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан екінші 18 қабатты үйге қатысты конкурс бастау алады. Баспанада 1, 2 және 3 бөлмелі – барлығы 108 пәтер бар.

Назерке Ғалым – “Отбасы Банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

– Осы үйге тек “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша қатысуға болады. Ол үшін міндетті түрде жергілікті атқарушы органда кезекте тұруыңыз қажет. Сондай-ақ, шотыңызда үйдің бағасының 10 пайызы, яғни бастапқы жарна болуы керек. Конкурсқа қатысушы үшін “Baspana.kz” сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріп, өзіңіз қалаған пәтерге өтінім бере аласыз. Конкурстың нәтижесі 19 сәуір күні шығады.

Эльмира Садвокасова