Органикалық өнімдер – қолжетімді бағамен

Әр түрлі

20:51 19 Наурыз 2021

Глютенсіз, қантсыз және лактозасыз. Дәмді әрі денсаулыққа пайдалы өнім түрлерін Петропавлда “Эко-лавка” дүкенінен табуға болады. Сөрелердегі тауарлардың барлығы тек табиғи шикізаттан жасалған.

Оксана Андреева – “Эко-лавка” дүкенінің сатушысы:

– Саудаға қойылған тауар түрлерінің арасында көпшілікке аса танымал ресейлік дүниелер де бар. Мәселен, осы жерден “Дом кедра”, “Древо жизни”, “Полезно”, “Bob” және “Green mania” сынды брендттерді таба аласыздар. Бұлардың барлығы – органикалық өнімдер. Сонымен қатар, дүкенде шәйдің де түр-түрін сатып алуға болады.

Дүкен көпшілікке аз уақыттың ішінде танылып үлгерді. Бүгінде мұнда үлкендер де, балалар да келіп, өздеріне қажетті өнімдерді алады.

– Дүкен жайлы әлеуметтік желіден білдім. Келіп көрген кезде маған бет күтіміне арналған крем ұнап қалды. Ал кішкентай қызым тәттілер тұрған сөренің қасынан шықпай қойды. Өнімдердің сапасы көңілден шығады, көрсетілетін қызметке де дән ризамын.

– Маған мұндағы тауарлардың барлығы ұнайды. Өзім жиі келіп тұрамын. Зейнет жасына келгендіктен пайдалы тағамдарды тұтынып, денсаулыққа зор жауапкершілікпен қарау керек.

Тазартылмаған немесе рафинадталмаған май. Дүкендегі дәл осы тауар түрі тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі, мұндай өнімнің құрамында пайдалы компоненттердің бәрі сақталып қалатын көрінеді. Нәтижесінде әзірлеген тағамыңыз дәмді әрі ағзаға аса пайдалы болмақ. Бұдан бөлек тағы бір артықшылығы бар. Майды дене күтімінде де қолдануға болады. Органикалық өнімді бетіңізге жақсаңыз, теріңіз жұмсарады. Оның үстіне қан айналымы да жақсарады екен. Бүгінде “Эко-лавка” дүкенінде дәл осындай пайдалы майдың 25-тен астам түрі бар.

Оксана Андреева – “Эко-лавка” дүкенінің сатушысы:

– Бізде рафинадталмаған майдан бөлек, эфирлік майлардың да түр-түрі бар. Қос өнімді де тамақ әзірлеуде әрі косметология саласында қолдануға болады. Одан бөлек, дүкенімізден косметиканың да бірнеше түрін таба аласыздар. Мәселен, сөрелерге табиғи шампунь мен кремнің сан түрі қойылған. Олардың құрамында да дәрумен көп.

Бұл дүкеннен эко-бокстарды да табуға болады. Мамандар оларды сатып алушының талғамына сай әп-сәтте дайындап береді. Айта кетейік, Наурыз мерекесіне орай эко-дүкенде өнімдердің барлығына 5 пайыздан 15%-ке дейін жеңілдік қарастырылған. Бұл жеңілдіктер наурыздың 21-і мен 25-і аралығында қолжетімді болмақ. Сауда нүктесі Интернационал көшесі, 59 мекен-жайында орналасқан.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда итті серуендетуге арналған алаң тапшы