Бүгінде петропавлдықтарға газды “Горгаз-сервис” серіктестігі жеткізіп отыр. Кәсіпорын облыс орталығындағы 724 үйді газбен қамтамасыз етеді. Қазір тұрғындар 1 текше метрі үшін 522 теңгеден төлеуде. Алдағы уақытта бұл сома 615-ке дейін өсуі мүмкін. Серіктестік басшылығының айтуынша бұған елдегі зауыттарда өндірілетін газдың 38%-ға қымбаттауы себеп. Ұсынылып отырған тариф жобасы бүгін қоғамдық тыңдалымда қаралып, кейін өкілетті органған жолданбақ. Нақты шешім бір айдың ішінде белгілі болуы тиіс. Айта кетейік, көгілдір отынның тарифі қалада соңғы рет 2018 жылы өзгертілген болатын.
Олег Иванов – “Горгаз-сервис” ЖШС директоры:
– Бұл ұсыныстың есебінен біз жұмысшыларымыздың жалақысын көтеруді ойластырып отырмыз. Қазіргі таңда кәсіпорында 130-дан астам адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақылары 132 мың теңгені құрайды. Тарифті көтеру арқылы еңбекақы көлемін 145 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланған.
Жанна Бисенова