МТРА жаңалықтары

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды

Салықты үйде отырып төлеңіз. Елімізде «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен жеке мүлік, жер және көлік берешектерін онлайн жүйе арқылы төлеуге болады. Мобильді қосымша«App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеледі. Жеке кабинетке кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі қажет.

Жанат Жұмабекова – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы:

– ЭЦҚ немесе телефон нөміріне келіп түскен СМС коды арқылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға болады. Оған қоса, сіз өз атыңызға тіркелген салық жайлы көре аласыз. Осы қосымшаны пайдалану бойынша толық ақпаратты мемлекеттік кірістер департаментінің әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан көре аласыздар.

 

 

 

Бердимурат Баймухан