МТРА жаңалықтары

Шағын кәсіпкерлік иелері «тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат» рәсімдемейді

Өткен жылдың соңында елімізде жаңа пилоттық жоба іске қосылған болатын. Яғни, шетелден әкелінген заттардың кейбіреуіне кәсіпкерлер «тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат» ресімдеуі қажет. Яғни, арнайы қағазда тауардың қайдан шыққаны, оның сипаттамасы мен сертификаты сияқты анықтамалар жазылуы тиіс. Мамандардың айтуынша бұл саудаланып жатқан дүние туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Осының аясында өңірлік іскер жандардың арасында біраз түсініспеушілік туындаған көрінеді. Бүгін облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының мамандары бұл мәселеге қатысты нақты жауап берді.

Наталья Некрасова – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:


– Шағын кәсіп субъектілері мен үй маңындағы дүкен иелеріне тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты ресімдеудің қажеті жоқ. Қарапайым декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің барлығы бұл міндеттен босатылған. Аталған құжатты тек тауар өндіруші немесе оны жеткізуші және үлкен қойма иелері ғана растаулары қажет.

 

 

 

Бердимурат Баймухан