Қоғам

Петропавлда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Бүгінде 2 мыңға жуық петропавлдық жұмыссыз отыр. Сол себепті, жәрмеңкеге келген өңір тұрғындарының қарасы қалың болды. Шарада кез келгеніне екі қолға бір күрек ұсынылды. Бастысы – еңбектенуге деген ниет болса болды. Жұмыс іздеп жүрген жандарға құрылыс фирмаларынан, кондитерлік цехтардан, балабақшалар мен мектептерден бос орын ұсынылды. Сондай-ақ, мамандар келушілерді қысқа мерзімді оқыту курстары жайлы да құлағдар етті.

Юлия Біржанова – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта өңірде дәнекерлеуші, электрик, ағаш ұсталары тапшы. Жұмыс іздеп жүрген қалалықтар қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтіп, қосымша білім ала алады. Тіпті, дипломы бар, бірақ өз мамандығы бойынша қызмет кездестіре алмай жүрген жандардың да «Еңбек» бағдарламасы арқылы қайтадан басқа мамандықты меңгерулеріне мүмкіндік бар. Біз жұмыс іздеушілердің барлығына қолдан келгенше көмектесеміз.

 

Алтынай Казиканова