Қазгидромет: Сәуірдің екінші онкүндігінде күн күрт жылынуы мүмкін

ТКШ, ТЖД

20:52 18 Наурыз 2021

Петропавл қаласында 240 жер үйді су басу қаупі бар. Бұл баспаналардың дені жер деңгейінен төмен орналасқан. Қазір коммуналдық қызмет күн-түн демей көшелерден ақ ұлпаны шығарып жатыр. Тағы арықтарды тазарту да басталып кетті. Шаруа ағымдағы айдың соңына дейін жүргізілмек. Ал Заречный кентінде 1 км 200 метр болатын топырақ үйіндісі жасалған. Мамандар тағы қажетті инертті материалдар мен балшық әкелуде. Тасқынның алдын алудан бөлек, тұрғындарды ақпараттандыру шаралары ұйымдастырылған. Алдағы уақытта Заречный кентінде 18 млн теңгеге хабарландыру жүйесін орнату көзделіп отыр.

Владимир Хутинаев – Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

– Бүгінде Петропавл аумағындағы жер 60-80 см шамасында қатып тұр. Ал қардың биіктігі 50 см-ді құрайды. Бұл былтырғы және 2017 жылғы көрсеткіштен біршама асып түсті. Ақ ұлпа ерігінде Сергеев су қоймасының толуы нормадан 2 есеге көп болады деп күтілуде. Яғни, 2 млрд 510 млн текше метр су жиналмақ. Дегенмен, барлығы ойдағыдай өтуі мүмкін. Мәселен, өткен жылы Айыртау мен Ғ.Мүсірепов аудандарында қар көлемі тым көп болды. Бірақ, ауа райына байланыст ақ ұлпа күнде еріп, түнде қататын. Осылайша, тасқын қаупі сейілді.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Шал ақын ауданындағы 3 ауылды су басуы мүмкін
Құтқарушылар өрт қаупі жоғары кезеңге дайындалуда
СҚО-да 5 күндік демалыс кезінде 7 өрт оқиғасы тіркелді
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы
«Тбилиси» мейрамханасының шатыры өртенді
Құтқарушылар өзен-көлдерде рейд өткізуде
Қаланы қардан тазарту жұмыстары жалғасуда
Петропавлда жатақханадан өрт шықты
Хромзауыт ықшам ауданының тұрғындары қоқыс тастайтын орын таппай отыр
СҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Петропавлда 600-ден астам ескі ағаш кесуді қажет етеді