Ерiктiлер

18 наурыз – Игі істер күні

Жақсылық жасап жарысайық! Қаланың белсенді жастары Наурыз қарсаңында игі іс жасауды ниет етіпті. Ұл-қыздар қолдарына бауырсақ алып Конституция көшесіне шықты. Олар ұлттық тағамды ең алдымен қаланың тазалығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға ұсынды. Дәмі тіл үйіретін бауырсақтың дәмін өзге де петропавлдықтар татып көрді.

– Поздравляю с праздником. Здоровье и добра. Спасибо большое.

– С наступающим всех. Здоровье, благополучие и самое главное мира.

Акция барысында 15 келіге жуық бауырсақ таратылды.

Әлфараби Мыңбай – облыстық жастар бастамалары орталығының консультант-сарапшысы:

– Шараға облыстық және қалалық бөліміміздің барша маманы қатысуда. Солтүстікқазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Індет тез бітіп, мерекені бұрынғыдай тойлауды нәсіп етсін.

«Бауырсақfest» шарасы наурыздың 22-сіне дейін жалғасатын болады.

 

 

 

 

Маржан Касымбек