Құқық қорғау органдары

Биыл 180-ге жуық теріскейлік кибералаяқтардың құрығына іліккен

Абайлаңыз, алаяқ. Жыл басынан бері 180-ге жуық солтүстікқазақстандық киберқулардың құрығына іліккен.

Әлеуметтік желі арқылы әрекет ететін пысықайлардың жолын бөгеу үшін жергілікті полиция өкілдері, прокуратура қызметкерлері мен еріктілер бірлесе жұмыс істеуде. Олар қаладағы көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үй секторларын аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, арнайы топ мүшелері азаматтарды алаяқтардан сақтандыру үшін жадынама қағаздарын да таратуда.

Жангелді Әпенов – қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Тұрғындарға айтарымыз, жеке құжаттарыңыздың көшірмелерін ешкімге жібермеңіздер. Және банк карточкаларының нөмірін де ешкімге айтпаңыздар.

 

Дана Ешкенова