Мәдениет

Жақсылық бастауы – Көрісу мерекесі

Береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері Көрісу мерекесін өткізді.

Аға буын өкілдері бір-бірімен төс қағыстырып, ізгі ниеттерін білдірді. Мерекелік дастархан да жайылды. Бесбармақ таратылып, ет туралды, қымыздан үлестірілді. “Өзара сыйластық пен татулықты көріп өскен ұрпақтың жүрегі мейірімге толы болады” дейді Сапура қажы Тәшенова.

Сапура қажы Тәшенова – тыл еңбеккері:

 

– Ата-бабамыз соғысып, осы жер, суды алып берді. Егеменді ел болдық. Туымыз аспандай берсін. Дәрежеміз бен бақытымыз үстем болсын. Әр шаңырақта шаттық болсын.

Маржан Касымбек