Спорт

Хоккейшілеріміз қос кездесуде де қапы қалды

Наурыздың 13-і мен 14-і күндері шайбалы хоккейден ел чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындары өтті. Бұл сында жергілікті “Qulager”-дің қарағандылық “Saryarka”-мен жолдары түйіскен болатын.

Бітіспес қарсыластар Петропавлда күш сынасты. Қос матчта да орталыққазақстандықтардың айы оңынан туды. Бірінші кездесу – 0 де 4, ал қарымта бәсеке 2 де 3 есебімен аяқталды. Яғни, жалпы есеп – 0 де 2, қарағандылықтар алда тұр. Енді құрамалар арасындағы үшінші және төртінші ойын алдағы сәрсенбі-бейсенбі күндері шахтерлердің астанасында өтеді.

Байболат Култанов