Әр түрлі

БЖЗҚ-да 4 мыңнан астам теріскейліктің шоты жабылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалында биыл 4 мыңнан астам теріскейліктің есепшоты жабылған. Ішінде ақшасы жоқ шоттарды жою наурыздың бірінен басталды.

Ал осыдан бірнеше жыл бұрын ашылып, ішінде жарнасы бар, бірақ біраз уақыт бойы салынбай келген есепшоттар жабылмайды деп сендірді мамандар. Сондай-ақ, сәуірдің 1-інен бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеудің қағидаларына өзгеріс енгізілді. Яғни, ол бірінші жылы ол 6,5%-ды құрайды. Ал кейін жинақтардың жалпы сомасына байланысты 5%-ға артып отыратын болады.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Бұдан басқа зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын санаттарға бөлек қызмет көрсетілген. Яғни, 1,2-топтағы мүгедектерге, міндетті зейнетақы жарналары бар азаматтарға.  Сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы есебінен 60 ай жинақтары болған қауіпті жерде жұмыс істеген азаматтарға коэффициенттер басқаша көзделген.

Алтынай Казиканова