Мәдениет

СҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау аясында 50-ден астам іс-шара өтпек

Былтыр өңірдегі 32 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеу көрген. Іске 920 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірейісов мәлім етті.

Үстіміздегі жылы Тимирязев ауданындағы Ақсуат ауылында мәдени-сауықтыру орталығы салынбақ. Бұдан бөлек, өлкедегі 2 ғимарат қайта қалыпқа келтіріліп, бірнешеуіне жөндеу жүргізіледі. Биыл азаттықтың аң таңы атқанына 30 жыл толады. Басты мерекені атап өту аясында аймағымызда түрлі форматтағы 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Көрерменді спектакльдер, тақырыптық көрмелер мен республикалық айтыс күтіп тұр. Қызылжарға Жамбыл атамыздың 175 жылдық мерейтойына және әз Наурыз мейрамына орай да жан-жақтан ақындар жиналмақ. Суырып салма сөз шеберлері наурыздың 20-шы жұлдызында өз өнерлерін паш ететін болады.

Досбол Әбдірейісов – СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Одан басқа, біздің мәдени ұйымдарымыз өздерінің көрмелерін, әдеби кештерін, спектальдерін, концерттерін көрсететін болады. Ескерер жайт, эпидахуалға байланысты мекемелер 30 пайызға ғана толтырылатын болады.

Байболат Култанов