ТЖ

Қызылжар ауданында жер үйде газ баллоны жарылды

Газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Бүгін Қызылжар ауданында таңғы сағат 5-тер шамасында қайғылы жағдай орын алды.

Оқыс оқиға Боголюбово селосында болған. 50 жас шамасындағы ерлі-зайыптылар қаза тапты. Кеше облыс орталығында да өрт тіркелді. Ульянов көшесінде тұрған үйде қызыл жалынның бас көтергенін сол маңнан өтіп бара жатқан 6637 әскери бөлімінің 2 сарбазы байқап қалып, бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Мамандар келгенше дейін әлгі қос жігіт үйдің есігін бұзып кіріп, ес-түссіз жатқан 2 адамды сыртқа шығарып алған. Қазір жағдайлары бірқалыпты. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Урал Әбдірахманов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Жыл басынан өңірде 148 өрт оқиғасы тіркелді. Оттың салдарынан 24 адам көз жұмды. Қызыл жалын көбіне жеке секторларда бой көтерді. Ең көп жағдайлар Петропавл қаласы мен Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарында тіркелді. 

Дана Ешкенова