Балалар

Жергілікті жас суретшілердің суреттері таныстырылды

“Көркемөнер көкжиегі”. Петропавлда осындай атаумен жергілікті жас суретшілер салған туындылар таныстырылды.

Экспозиция қаладағы сауда-ойын-сауық орындарының бірінде қанат жайды. Суреттердің дені акварельмен салынған. Бұл – Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің оқушылары бейнелеген еңбектер. Бірі – жас дарын иелері шаһардағы “Нұр” және “Қызылжар” қалалық мешіттерін салған, енді бірі аққайыңдар өлкесінің сұлу табиғатын бейнелепті. Натюрморт та кең орын алған. Көздің жауын алатын шағын көрме 3 күнге жалғаспақ.

Данара Алғожина – Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің мұғалімі:

– Жақында біздің мектеп-интернатқа КСРО-ның халық әртісі Ермек Серкебаевтың есімі берілді. Осыған орай шәкірттеріміз салған суреттер экспозициясын ұсынып отырмыз. “Сырт көз сыншы” демекші, жерлестеріміздің өнерлі жеткіншектердің еңбегін қалай бағалайтындықтарын білгіміз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев