Құқық қорғау органдарыCOVID-19: Қазақстан

СҚО-да 250-ден астам тәртіп сақшысы екпе салдырған

Петропавлдық мамандарға “Спутник V” препаратының 1-ші компоненті егіліпті. Вакцина егілмес бұрын дәрігерлер құқық қорғаушылардың денсаулығын жіті тексерген. Дене температурасы, қан қысымы өлшенген. Аталған медициналық препаратты қабылдағаннан кейін 3 күн екпе егілген жерге су тигізуге болмайды және денеге күш түсірмеу қажет.

Алтынбек Жамалиев – СҚО ПД ӘПБ аға мемлекеттік авто инспекторы:

– Бізге екпені алар алдында қандай да бір симптомдар байқалса, арнайы тізімдегі препараттарды ішу қажеттігін ескертті. Бірақ, бүгінгі күні ешқандай симптом байқалмайды. Дене қызуым көтерілген жоқ. Барлығы қалыпты.

 

 

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев