ТЖ

Алдағы демалыс күндері ауа райы бұзылады

Әне-міне дегенше наурыз айының ортасына да келдік. Көктемнің жайма-шуақ күндері қыстың ызғарлы ауа райын алмастыратын кез. Бірақ, әзірге, өңірде бұндай құбылыс байқалмайды. Ауа райының құбылмалы қабақ танытуы соңғы күндері тұрғындарды әбігерге салуда.

Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

– Соңғы 2 күнде қар тазалау мен құтқару жұмыстарына 249 адам, 204 техника жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері де қатысты.

Бұл күндері Есіл және Тайынша аудандарындағы жылыту қосындарында да жұмыс қызи түсті. Өткен тәулікте арнайы бекетке 14 адам жеткізілді, оның ішінде 1 бала бар. Қар құрсауынан 110 солтүстікқазақстандық құтқарылды және 40-қа жуық техника эвакуацияланды.

Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

– Новоишимское селосынан ауыр халдегі науқас Сергеевкадағы орталық аудандық ауруханаға “Трэкол” деп аталатын жол талғамайтын көлікпен жеткізілді. Сондай-ақ, М.Жұмабаев ауданында аяқ-қолдарының үсуі байқалған адамға тиісті көмек көрсетілді.

Синоптиктердің айтуынша бүгін-ертең сынап бағанасы -25-30-ға дейін баруы мүмкін. Соған байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды. ТЖ қызметкерлері тұрғындарды SMS-пен келетін дауылды ескерту туралы хабарламаға назар аударып, жолға шықпау қажеттігін ескертеді.

Алдияр Айтпаев