COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте коронавирус 24 адамның бойынан табылды

СҚО-да соңғы 1 тәулікте коронавирусты 24 адам жұқтырып алды. Оның 14-інің бойында аурудың нақты белгілері бар. Қалғандарында – covid-19-дың симптомсыз түрі.

Науқастардың көбі – петропавлдықтар. Облыс орталығында коронавирусқа 11 адам шалдыққан. Аққайыңда – 6-ау, Қызылжар ауданында – 4-еу, Мамлютте – қос жағдай, ал Тимирязев ауданында 1 жағдайдан тіркеліп отыр. Өткен тәулікте 21 солтүстікқазақстандық індеттен құлан-таза айығып шыққан.

Дана Ешкенова