Спорт

Нұрқожа Қайпанов рейтингілік турнирде 3-ші орын еншіледі

Теріскейлік еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов «Маттео Пелликоне-2021» рейтингілік турнирінде 3-ші орын еншіледі. Дүбірлі дода наурыздың 4-і мен 8-і аралығында Италияның астанасы Рим қаласында өткен болатын.

Өкінішке қарай, 74 келі салмақта өнер көрсеткен палуанымыздың жолын бірінші айналымда италиялық спортшы Франк Чамисо кесті. Кездесу 5 те 0 есебімен аяқталды. Осылайша Нұрқожа жұбаныш белдесуінде күш сынасуға мәжбүр болды. Мұнда білекті жігіт сан-маринолық Назем Аминені 10 да 3 есебімен тізе бүктірді. Ал қола жүлде үшін тартыста пуэрто-риколық Франклин Гомез Матосты жеңді. Жалпы, еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы байрақты бәсекеде 3 алтын, 3 күміс және 4 қоланы қоржынға салды.

Алдияр Айтпаев