Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді. Құжат ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді.

Ұлттық жоспарды денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы жарлыққа да қол қойды. Ол азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және қуатты экономика құру сынды үш бағытқа негізделген. Көрсетілген стратегиялық құжаттар іске асырылса, қазіргі кезеңнің сын-қатерлері еңсеріліп, сапалы экономикалық даму траекториясы қалыптаспақ.

Эльмира Садвокасова