Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті

Спорт

22:08 9 Наурыз 2021

Еліміздің 10 аймағынан жиналған 200-ге жуық спортшы боз кілемде бақ сынады. Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Қожаберген жырау атындағы бәсеке Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Додада топ жарған жастар “Спорт шеберлігіне үміткер” атағын алды.

Боз кілемде солтүстікқазақстандық Қайрат Ернар мен павлодарлық палуан белдесуде. Сайысты бақылай отыра солтүстікқазақстандықтың мықты екенін байқадық. Аз ғана уақыт ішінде ол оңтайлы әдіс жасап, қарсыласын тізе бүктірді. Жерлесіміз бұдан кейінгі кездесулерде де жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өңір қоржынын алтын медальмен толықтырды.

Қайрат Ернар – жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

– Үш жылдан бері Қожаберген жырау атындағы жарыстарға қатысып келемін. Жаттықтырушым әкем болады. Сол кісінің арқасында көптеген жетістіктерге жеттім.

Нұрхат Бейбітов есімді жеткіншек те жоғары нәтиже көрсете алды. 15 жасар спортшы 55 келі салмақ дәрежесінде Ақмола облысының намысын қорғауда. Палуан қазақ күресіне бала кезінен қызығушылық танытқан екен. Бүгін ол еліміздің солтүстігінде алғаш өнер көрсетіп жатыр. Нұрхат үйге тек жеңіспен оралғым келеді дейді.

Нұрхат Бейбітов – жарысқа қатысушы, Ақмола облысы:

– Мен бір жартылай, бір жамбас жасап ұтып кеттім. Алғашқы белдесу әрқашан қиын болады ғой, Себебі, дұрыс ашыла алмайсың. Бүгін чемпион болуға тырысамын.

Еліміздің 10 аймағынан – 200-ге жуық палуан. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнирге 18 жасқа дейінгі жастар жиналған. Барлығы – өз өңірлерінің білекті спортшылары. Турнирде облысымыздың намысын 70 палуан қорғап жатыр.

Мейрам Хамзин – Күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі:

– Бүгін қазақ күресінен республикалық деңгейде жарыс өткізіп жатырмыз. Жеңімпаздар “Спорт шеберіне үміткер” атағын алатын болады.

Жарыс нәтижесі бойынша облыс қоржынына 3 алтын, 1 күміс пен 3 қола медаль түсті. Көрсеткіш жаман емес. Ал жеңіске жеткен спортшыларға мақтау қағазы, медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Жергілікті спорттық би шеберлері 20 жүлде еншіледі
Палуандар республикалық турнирде жүлде еншіледі
“Қуаныш” ВК – ел біріншілігінің жүлдегері
Шайбалы хоккейден турнир өтті
Баскетболдан облыс чемпионаты өтті
Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан облыс чемпионаты өтуде
Ел біріншілігінің қола жүлдегерлері Петропавлға оралды
Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды
Ректор кубогы үшін қазақ күресінен республикалық турнир бастау алды
“Qyzyljar” ФК 3 ұпай еншіледі
Муай-тайдан өткен жарыста теріскейліктер 6 медаль еншіледі
Облыс әкімінің орынбасары “Қуаныш” және “Bars” командаларымен кездесті