Спорт

“Qulager” ХК қарымта кездесуде жеңіліс тапты

Жеңістен кейінгі жеңіліс. “Qulager” ХК қарымта кездесуде атыраулық “Бейбарыс”-қа есе жіберіп алды.
Естеріңізге сала кетсек, бірінші кездесуде мықты буллиттер сериясында ғана анықталды. Онда “Qulager”-ліктер жеңген болатын. Бұл жолы да матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмады. Таблодағы есеп 2 де 2 болды. Осылайша ойыншылар қосымша периодта ойнады. Алайда, бұл жолы сәттілік атыраулықтардың жағында болды. Қосымша уақытта «Бейбарыс» ойыншылары шешуші гол соғып, қоржындарына 2 ұпай басты. Теріскейліктер сапынан Дмитрий Исмагилов пен Кирилл Власов ерекшеленді. «Qulager» ХК 44 матч өткізіп, чемпионат кестесінің 7-ші сатысында тұр. Наурыздың 5-і мен 6-сы күндері сырт айдында ақтөбеліктермен кездеспек. Бұл кездесу көрермендердің қатысуымен өтеді.

 

 

Алдияр Айтпаев