Денсаулық сақтау

Петропавлдағы кардиологиялық орталық жұмысын тоқтатпайды

Сондай-ақ, жиын барысында облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног кардиологиялық орталық жайында сөз қозғады. Айтуынша, тұрғындар аталған емдеу мекемесі жабылып қалды ма деп алаңдаушылықтарын білдірген.

Юрий Белоног кардиологиялық орталық жабылған жоқ әрі жұмысын тоқтатпайды деді. Тек облыстық ауруханадағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесімен біріктірілген. Оған себеп – соңғы 3 жылда кардиологиялық орталыққа жүгінетін науқастардың саны азайған.

Юрий Белоног – облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

– Кардиологиялық орталық жабылған жоқ. Тек жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесімен біріктірілді. Науқастарға еш алаңдаудың қажеті жоқ. Дәрігерлер ота жасауды жалғастыра береді.

 

 

 

 

 

Дана Ешкенова