Құқық қорғау органдары

Полицейлер ІІО ардагері Қайдар Кашеновты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

Өңір полицейлері ІІО ардагері Қайдар Кашеновты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Қайдар Ысқақұлы бұл салада 30 жылға жуық тер төккен. Қызметінің орта тұсы 90-шы жылдармен тұспа-тұс келген екен. Қылмыс өршіп тұрған кез. Есірткі бизнесі, рэкеттік әрекеттер, мемлекет меншігін талан-таражға салу – тәртіп сақшыларының аталған қылмыс түрлерімен күресте тәжірибелері болмаған деседі. Заман талабына сай жаңаша үйренуге тура келді. Жұмыстың қауіптілігі мен қиындығынан сескеніп, қызметінен кеткендер де аз болмапты. Кадр тапшылығы белең алған шақта Қайдар Кашенов абыроймен еңбек етті. Тергеуші ретінде кәсіби маман тәрбиелеп, кадр жасақтауда зор еңбек сіңірген. ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкері Қайдар Ысқақұлын Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мерейтойымен құттықтап, Алғыс хат табыс етті.

Марат Төлебаев – СҚО ДП бастығы:

 – Хайдар Искакович, в этот знаменательный день от имени руководства Департамента полиции, Совета ветеранов, личного состава, от себя лично поздравляю вас с 70-летним юбилеем. Желаем вам здоровья, успехов, удачи, всего самого наилучшего.

Қайдар Кашенов – ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкері:

 – Әкемді үлгі тұттым. Соғыстан оралғаннан кейін бір жерде 34 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықты. Менде өзге қызметке ауысу мүмкіндігі болғанымен, осы салада тер төгуді дұрыс деп шештім. Таңдаған қызметіме адал болдым. Көрсетіп жатқан сый-құрметтеріңізге ризашылығымды білдіремін.

 

 

 

 

 

Данаш Хамзина