Құқық қорғау органдары

Өңірде «Қызметтік қару» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Әрбір күзет агенттіктерінде қару-жарақ сақтайтын бөлме бар. Ол белгілі бір талаптарға сай жабдықталуы тиіс. Мәселен, дабыл жүйесі, бейнебақылау камералары және өрт сөндіру құралдары. Қызметтік қару-жарақтың сақталуы – полицейлердің жіті назарында.

Ерболат Қабыров – СҚО ПД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

 – Банк инкассация қызметтері, «Казпочта» АҚ және күзет ұйымдарымен қызметтік қару және оның патрондары айналымы жөніндегі заңнама талаптарын сақтау мақсатында ағымдағы жылы ақпанның 22-сінен бастап наурыздың 5-ін қоса алғанда Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Қызметтік қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Заңды тұлғалар азаматтық қару иелері сияқты қару мен оқ-дәрілерді сейфте сақтауы тиіс. Оның ішінде бөгде заттар болмауы керек.

Дмитрий Михайленко – арнайы агенттіктің штаб бастығы:

 – Қарудың арнайы сақтау бөлмесінде тұрғанына көз жеткізу керек. Алынған қару дәл сол жерге қойылуы тиіс. Оның мобильдік топтарға берілуі мен қайтарылуы орталық басқару пульті арқылы қадағаланады.

Заңды тұлғаның қаруды сақтауына қатысты жауапкершілік қарастырылған. Ақпанның 22-сінен бастап жүргізілген тексерістің нәтижесінде қызметтік қаруды сақтау бойынша тәртіптің бұзылуына қатысты 10 факті тіркелді.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев