ТЖ

СҚО-да 5 жасар бала өрттен қаза тапты

Аққайың ауданында 5 жасар бала өрттен қаза тапты. Өрт сөндірушілерге Новороссийское селосында қосулы тұрған 2 үйдің бірінен өрт шыққандығы туралы хабар кеше кешкі 7-лер кезінде түскен.

Көршілер үйден баланың жансыз денесін алып шыққан. Мамандардың айтуынша бала үйінде өзі жалғыз отырған. Ата-анасы жұмыста болған. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Бірақ, айтуларынша от пештен шығуы мүмкін. СҚО-да жыл басынан бері 138 өрт тіркелген. 21 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алған.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

 – Балаларды үйде қараусыз қалдырмау керек. Пеш жағуды балаға сеніп тапсырмау керек. Газ баллоны мен пешті сақтыпен пайдалану қажет. Және айына бір рет пештің мұржасын тазалап тұруға кеңес беремін.

 

 

 

 

 

Дана Ешкенова