Экология

Табиғат жанашырлары мониторинг жүргізуде

Мұндай сараптау жұмысын жүргізуге Қазгидромет өкілдерінің болжамы себепші болған көрінеді. Өйткені, айтуларынша желсіз күні аталған кәсіпорыннан шыққан зиянды заттар ауада тұрып қалуы мүмкін. Бүгін экологтар ауадағы көміртек тотығы, азот және күкірт диоксидінің мөлшерін анықтады. Алайда, ешқандай олқылық байқалмады. Осы ретте мамандардан соңғы кездері қаладағы тынысты тарылтататын көк түтіннің қайдан пайда болатынын сұрадық. Сауалымызға: « Бұл күн тымық болған кезде көліктер мен зауыттардан ауаға бөлініп шыққан заттардың бір жерде жиналып қалуынан туындайды», – деп жауап берді.

Айман Хамзина – облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

– 2020 жылдың қорытындысы бойынша осындай 18 мекемені тексердік. Ауаның ластануы немесе химиялық заттардың мөлшерден тыс болуы тіркелмеді. Осы мониторинг аясында қалада тексеретін нысандардың тізімін жасадық. Алғашқысы – Жылу электр станциясы. Тесеруді жалғастырамыз.

 

 

Дана Ешкенова