Құқық қорғау органдары

СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұрған әйелді өлгенше сабап тастаған

СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұрған әйелді өлгенше сабап тастаған.
Оқиға жуырда Смирново селосында болды. Екеуінің арасында жанжал туындап, бірге тұрып жатқан ер адам 36 жастағы келіншекті таяқтың астына алады. Алған жарақаттарынан әйел адам танысының үйінде 2 күн жатып қалған. Кейін барып жедел жәрдем шақыртылған. Келіншек ауруханада 4 күн жатып, өкінішке қарай, көз жұмды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

Дана Ешкенова