Мәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында – премьера

Спектакльде – қызыл әскердің 2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі өмірі баяндалады. Және Германияда шағын бір қалашықта тұратын неміс қызы мен Кеңес жауынгерінің махаббаты баяндалады. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Елена Покрас. Осы орайда айта кетейік, жаңа қойылым жоспар бойынша өткен жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында сахналануы тиіс еді. Алайда, елдегі жағдайға байланысты кейінге қалдырылған болатын. Осылайша, араға 10 ай салып, өнер ордаларына толымдылығы 30 пайызға дейін қонақ қабылдауға рұқсат етілгеннен кейін барып сахналанып отыр.

Павел Рощупкин – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі:

– Көптен күткен спектакль сахналанды. Бұл сәтті актерлер де, көрермендер де асыға күтті. Алдағы уақытта өнерсүйер қауымға тағы да жаңа туындылар жол тартады. Мәселен, кезекті қойылымды наурыздың 7-сі күні балаларға арнағалы отырмыз.

Дана Ешкенова