МТРА жаңалықтары

Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауына жол берген шенеуніктер жазаланады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының көтерілуіне жол берген әкім орынбасарлары жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлімдеді деп хабарлайды ZAKON.KZ .

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2 жарым пайызға өскен. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністің бағасы өсім көрсетті. Жиын барысында Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасы өндіріс пен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ, импортталатын және экспортталатын өнімнің үлесіне де байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты ол ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің атқарушы органдарымен бірлесіп, өндірісті барынша арттыруды тапсырды.

 

 

 

Дана Ешкенова