Құқық қорғау органдарыҚоғам

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев Якорь округінің тұрғындарымен кездесті

Өңірдің бас тәртіп сақшысы жергілікті учаскелік полиция қосынына барып, жұмыс барысымен танысты. Полиция қызметкерлерінің жыл қорытындысына құлақ түрді. Айта кеткен жөн, өткен жылы 4 ауылды қамтитын Якорь ауылдық округінің полицейлері 20-ға жуық қылмысты анықтаған. Басым бөлігі ұрлыққа қатысты. Кездесу соңында Марат Төлебаев тұрғындарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Және аудандық тәртіп сақшыларына мал ұрлығының алдын алуды күшейтуді тапсырды. Яғни, жаңа технологияларды: GPS және “электронды бақташы” жүйесін белсенді пайдалану қажеттігін тілге тиек етті. Тағы облыстың бас полицейі интернет-алаяқтықтың алдын алу жайлы айтты.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Интернет-алаяқтық қылмыстың байланыссыз түрі болып табылады. Пысықай басқа қалада немесе өзге елде отырып әрекет етуі мүмкін. Осы орайда полицейлер жалған 120 аккаунтты анықтап, бұғаттады. Жерлестерімізге ғаламтор арқылы бір затқа тапсырыс бермес бұрын барынша сақтық шараларын қарастыру қажеттігін ескертеміз.

 

 

Сәуле Әбдірахманова