Мәдениет

Солтүстікқазақстандықтар Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Жыр нөсерін селдеткен ақын. Ақпанның 28-і күні  өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне  175 жыл толады. Айтулы дата қарсаңында өңірдің зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері  жыраудың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жамбыл Жабаев 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысында дүниеге келген. Жас кезінен ақ талай туындының авторы атанған. Әсіресе, ҰОС жылдарында Жамбылдан дәрежесі мен мәртебесі биік ақын болмаған деседі. Түрлі ұлттан шыққан жауынгерлердің жүрегіне жол тауып, жігерін қайрады. Оның үздік еңбегі қырықтан астам тілге аударылған.

Жарасбай Сүлейменов – «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры:

– Ленинградтық өренім» атақты өлеңін жазған. Бұл – жеңіске қосқан үлкен үлесі. Ұлттың, халықтың рухын көтерді. Жамбыл Жабаевтың жыр мектебінен түлеп ұшқан талай ақын-жазушылар еліміздің әдебиеті мен мәдениетін дамытты.

Ақпанның 28-інде Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне 175 жыл толады. Айтулы дата қарсаңында солтүстікқазақстандықтар ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жыр нөсерін селдеткен ұлы тұлғаға арнап өңірде биыл 70-тен астам спорттық, мәдени, қоғамдық шара ұйымдастырылмақ.

Ғани Нығыметов – СҚО әкімінің орынбасары:

–  Біздің облысымызда 1 аудан Жамбыл атымен аталады. 3 ауыл, 44 көше бар. Осы жерлерде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қала орталығындағы Жамбыл көшесіне бір көпқабатты үйдің қасбетіне керамикалық плитадан бейнесін жасаймыз. 01:39 Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жазылғандай, біз өзіміздің ұлттық бірегейлігімізді сақтауымыз керек. Мәдениетіміз бен рухани қазынамызды дамытуымыз қажет. Мұндай іс-шаралардың рөлі жоғары.

Жамбыл Жабаев бейнеленген муралды әзірлеу жұмыстары жазда бастау алмақ. Қаламыздың көркін одан әрі ажарландырып тұратын кезекті туындының авторы солтүстікқазақстандық Болат Әсербеков болмақ.

Маржан Қасымбек