Спорт

“Qyzyljar” ФК украиналық “Полесье”-мен тең түсті

“Qyzyljar” ФК украиналық “Полесье” құрамасымен тең түсті. Жолдастық кездесу ақпанның 25-і күні Түркияда өтті.

Солтүстікқазақстандық ұжым қарсыластарының қақпасына 2 рет доп дарытты. Алғашқы голды украиналық ойыншы өз қақпасына салып, теріскейліктерге есеп ашып берді. Ал келесісінде Максим Драченко 11 метрлік пенальтиді сәтті орындады. Жерлестеріміз оқу-жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін ел чемпионатына дайындалады.

“Qyzyljar”-дың келесі ойыны наурыздың 3-ші жұлдызына жоспарлануда. Келесі қарсыласы – украиналық “Металлург 1925” командасы.

 

 

 

Алдияр Айтпаев