БалаларЭкология

Балаларға экобокстардың тиімділігі түсіндірілуде

Қоқысты / не үшін бөліп салады? Облыс орталығында педагогтар / балабақшаға баратын балаларды / табиғатты аялауға баулуда. Бұл ұғымды / бойларына / жастайынан сіңдіру қажет дейді. Осы ретте әуелі / экобокс деп аталатын арнайы қоқыс жәшіктерінің тиімділігі жіті түсіндіріледі. Бүгінде қала бойынша мұндай 800-ге жуық экоқорап бар. Оның 200-і – білім беру ошақтарында.

 

Экобокс немесе картоннан жасалған жәшік. Қарапайым дүние, бірақ мәнісі терең. “Алтын бесік” балабақшасындағы әр бөлмеде осындай қос қораптан қойылған. Бүлдіршіндер оның міндетін біледі. Сабақ барысында қоқыс қалса, жүгіріп кеп осында салады. Яғни, қайта өңдеуге жарамды қоқыс түрлері, ол: қағаз, пластик.
5 жасар Айрина Тілеужанова балабақшада ғана емес, үйде де қалдықтарды бөліп салады екен.

Айрина Тілеужанова – “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушісі:

 

– Біздің тобымызда арнайы қоқыс жәшіктері бар. Әрбіреуіне бөлек-бөлек қоқыс саламыз. 03:06 Мен күнде қоқыстарды дұрыс лақтырамын.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Баланы табиғатты аялауға, қоршаған ортаға қамқор болуға жастайынан үйрету керек дейді педагогтар. Бұл ретте ата-ананың атқаратын рөлі орасан зор. 2 баланың анасы Гүлбике Кубенова балаларына табиғатқа жанашыр болудың қасиеттілігін күнде айтып отырады екен.

Гүлбике Кубенова:


–  Шынымен де балалар арасында экологиялық тәрбие маңызды. Біз ата-аналар ретінде балабақшаға келгенде соған көз жеткіземіз. Себебі, балабақша алдында қоқыс салатын арнайы жәшіктер тұрады. Менің балаларым қағаз, пластик пен шыныны бөлек-бөлек лақтырады. 01:57 Екі балам да үйде қай қоқысты қайда салу керектігін біледі.

Қоқысты жәшікке салу – экологияны сақтауға деген бір қадам. Оны өңдеу – бөлек мәселе. Бұл ретте балалардың еңбегі зая кетіп жатқан жоқ. Манағы бөліп салған қоқысынан қаладағы “Радуга” серіктестігінің мамандары жарамдысын ажыратып алып, оны қайта өңдеп, тұрмыста қажетті дүние ретінде қайтарады. Мәселен, жаңағы айтылған экобокс. Осындай пайдалы жәшіктермен аталған кәсіпорын Петропавлдағы білім беру нысандары мен түрлі ұйымдардың денін қамтамасыз етеді.

Азат Жұмағұл – “Радуга” ЖШС менеджері:


–  Біз экобокстарға жиналған қоқысты айына бір немесе екі рет жинап, арнайы базаға әкелеміз. Сосын барып оны іріктеп, өңдеуге жібереміз. Мәселен, пластиктен шелек, шара сынды тұрмысқа арналған заттар әзірленеді. Шыны болса, оңтүстік астанадағы “Алматы стекло” серіктестігіне жіберіледі. Алайда, өңдеуге
шынының түрлі түстісі емес, тек мөлдірі ғана жарамды.

Жалпы, бүгінде қала бойынша 800-дей экожәшік орнатылған. Оның 200-і – білім беру ошақтарында, қалғаны – түрлі кәсіпорындарда.

Жанна Бисенова