Мәдениет

Петропавлда «Парасат жолы» орталығы ашылды

Өскелең ұрпақты адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілету. Жуырда Петропавлда осындай мақсатпен «Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы ашылды.

Ізгілік пен даналыққа баулитын жоба өз жұмысын Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан бастау алды. Мамандар апта сайын әр саланың тізгінін ұстаған жандармен жүздесіп, тікелей эфир өткізетін болады. Жиында қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер талқыға түспек. Бүгін де қоғам белсенділері әдеттегі салттан жаңылмай, онлайн кездесу өткізді. Шараға жиналған мамандар әр іс ниеттен басталатынын айтты. Яғни, адам алдымен ішкі жан дүниесін түзеп, рухани бай болуы керек. Сондай-ақ, мамандар балаға ешкімнің ала жібін аттамауды жасынан үйрету керектігін тілге тиек етті.

Сәлімхан Сәбитов – «Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Ежелден бері қазақ елі қонақжай болған. Сондықтан, осы қасиетімізді жоғалтпай, мейірімізді сақтап қалу білім саласында талқыланатын болады. Қазіргі күнде көптеген жастар кітапты аз оқиды. Мәдениет саласынан бір өкіл келіп, осы жайлы сөз қозғайтын болады.

Казиканова Алтынай