МТРА жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев: қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажет

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді деп, хабарлайды Ақорда сайты.

Жүздесуде «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке өзі жетекшілік етіп отырған орталықтың жұмысы туралы айтты. Бұдан бөлек мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдары, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды. Ал Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгіме кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсетілетініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

 

Култанов Байболат