COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте 40 солтүстікқазақстандықтан коронавирус анықталды

33 адамда ауру белгілері анық байқалса, 7-еуі індеттің симптомсыз түрін жұқтырған. Ақпанның 22-сі күні Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы 40 тұрғынның бойынан анықталды.

Дертке шалдыққандардың басым бөлігі, яғни 15-і – петропавлдықтар. Қызылжар және Есіл аудандарында 6 жағдайдан тіркелген. Ал Мамлют, Жамбыл, Айыртау, М.Жұмабаев және Шал ақын аудандарында науқастанғандардың саны 5-еуден аспайды. Жалпы, өңірде аптаның алғашқы күнінде 600 адам ПТР тест тапсырған. Ал пандемия басталған уақыттан бері 270 мың адамнан сынама алынған.

Маржан Касымбек