Құқық қорғау органдары

СҚО-да жол-көлік апатынан 1 адам қаза тапты

СҚО-да жол-көлік апаты болып, 1 адам қаза тапты, 4 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға “Петропавл-Жезқазған” жолында Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылының маңында орын алды.

ВАЗ көлігін басқарған 45 жастағы Сергеевка қаласының тұрғыны қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігін айналып өтпекші болған Тойота маркалы машинаға соғылған.

ВАЗ-дың жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Тағы 3 жолаушысы, оның біреуі – 6 жастағы бала – қазір ауруханада. Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

 

Ешкенова Дана