Ауа райы

Дауылды ескерту

Өңірде ақпанның 23-і мен 24-і аралығында қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде.

Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша осыған байланысты ертең облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылады.

Сәкен Ағзамов – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

– “112” нөмірінен келетін ескертулерге мән беру қажет. Сақтық танытып, алыс жолға шықпаңыздар. Егер бір оқыс жағдайға тап болып жатсаңыз, бірден аталған байланыс нөміріне хабарласу керек. Ауа райы бұзылған кезде департаментте тәулік бойы қызмет атқаратын кезекші топ құрылады.

 

Казиканова Алтынай