Қоғам

Өңірде “Жылулық сыйла” акциясы өтуде

Қасиетті жұмада жасалған сауапты іс! Өңірде “Жылулық сыйла” акциясы жалғасуда. Бүгін жергілікті дін өкілдері көмекке мұқтаж және көпбалалы 10 отбасыға бір-бір тоннадан көмір жеткізіп берді. “Зекет және қайырымдылық” қорының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға арнамыздың түсірілім тобы да қатысып қайтты.

Аққу Ысқақова – 5 баланың анасы. Жұбайы жұмыста болған кезде көпбалалы ана үйінің түтінің түтетіп, бала тәрбиесімен айналысады. Жуырда қыстың бел ортасында бұл жанұяның көмірі бітіп қалыпты. Мұны естіген “Зекет және қайырымдылық” қорының мүшелері бейжай қарап отыра алмаған екен. Бүгін Ысқақовтар отбасына “Жылулық сыйла” акциясы аясында 1 тонна көмір жеткізілді. “Қыстан қысылмай шығу үшін бұл бізге үлкен көмек”,- дейді нәзікжанды.

Аққу Ысқақова – көпбалалы анна:

–  Көміріміз бітіп жатқан еді. Содан соң қор мүшелері хабарласты. “Көмек керек пе? Отын-көмірлеріңіз бар ма?”-, деп сұрады. Бүгін міне қара отынды әкеп берді, алғысымды білдіремін.

Ал мына қара отын Дін-Мұхаммад мешітіне түсірілуде. Көне ғимарат орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылмаған.

Жалпы, “Зекет және қайырымдылық” қоры бұндай игі істерді әр жұма күндері жасайды. Бүгін мұқтаж жандарға 10 тонна көмір жеткізіп бермекші.

Қасымхан қажы Абдоллаұлы – “Қызылжар” қалалық мешітінің бас имамы:

– ҚМДБ бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасайды. 35 Бүгінгі өткізіліп жатқан біздің іс-шарамыз ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының “Жылулық сыйла” акциясы ел бойынша өтуде. “Кең болсаң, кем болмайсың” демекші, осы іс-шараға ат салысып жатқан жандарға Алла разы болсын.

Өткен аптада “Жылулық сыйла” акциясы аясында өңірде 15 отбасыға азық-түлік жеткізілген екен. Имамдар бастаған игі шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді.

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев