Спорт

“Qulager” ХК көкшетаулық ұжымға есе жіберді

“Qulager” ХК көкшетаулық ұжымға есе жіберді.

Петропавлда өткен алғашқы матчта “Arlan” командасы айдын иелерінің қақпасына 4 шайбы дарытты. Ал теріскейліктер тек 2 шайбамен жауап қатты. Солтүстікқазақстандықтар сапынан Станислав Логинов пен Илья Ахметов ерекшеленді. Қос құрама арасындағы қарымта кездесу бүгін өтеді. Әзірге, жергілікті ұжым турнирлік кестеде 65 ұпаймен 7-ші орында тұр.

Алдияр Айтпаев