Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда жұмсамақшы?

Қазақстандықтар мерзімінен бұрын шешіп алған зейнетақы жинақтарын қандай мақсатта жұмсағылары келеді? Бұл жайлы Ұлттық банкте айтылды.

Бүгінге дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жалпы құны 408 млрд теңге болатын 75 мыңнан астам өтінішті мақұлдапты. Құжаттары қабылданған отандастарымыздың 87 пайызы аударылған ақшаға тұрғын үй мәселелерін шешпек. Мәселен, шамамен жартысы ақшаны – баспана сатып алуға, 28 пайызы – ипотеканы жабуға, 10 пайызы “Отбасы банк”-тен немесе екінші деңгейлік банктер арқылы баспана алуға жұмсамақшы.

Казиканова Алтынай