Билік

Президент Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді

Ел Президенті Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді. Жиын барысында мемлекет басшысы еліміздегі криминогендік ахуалға қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндік шектеулер кезінде қылмыстық іс-әрекеттердің едәуір азайғанын тілге тиек етті. Бірақ, соған қарамастан шектеулер жеңілдетілгеннен кейін, керісінше, күш-жігерді жұмылдыра түсу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Пандемияның экономика мен әлеуметтік салаға тигізген кері әсері қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол ашуы мүмкін. Құқық қорғау органдары осыған дайын болуға тиіс. Еліміздегі күрделі ахуалды пайдаланып қалуға тырысатын қылмыстық топтардың кез келген іс-әрекеттерін бесігінде тұншықтыру керек.

 

Ешкенова Дана