Спорт

Өңір аударыспақшыларының өнері

Жуырда Шымкент қаласында аударыспақтан Түркістан облысы әкімінің кубогы өтті. Республикалық сайыста солтүстікқазақстандықтар сәтті өнер көрсетті.

Облыс құрамасының белді мүшесі Мақсат Зұлқарнай 100 келіде күміс медаль еншіледі. Ал Ақзат Айтқожин мен Құдайберген Жұмашев қоланы қанағат тұтты. Айта кеткен жөн, Ақзат Айтқожин 62 келі дәрежесінде өнер көрсетсе, Құдайберген Жұмашев 91 келіде мықтылар арасынан көрінді.

 

 

Алдияр Айтпаев