МТРА жаңалықтары

Депутаттар Қаржы министрлігінен шағын бизнесті қолдауды сұрайды

Депутаттар Қаржы министрлігінен шағын бизнесті қолдап, мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысын салық заңнамасының нормаларына сәйкестендіруді талап етті.

Белгілі болғандай, тендерге төрт көрсеткіш бойынша қаржылық тұрақтылығы бар қызмет көрсетушілер жіберіледі. Олардың ішінде төленген салықтар көрсеткіші бар. Ал порталда әлеуметтік аударымдар есепке алынбай, автоматты түрде жүзеге асырылады. Дәл сол себепті жеке кәсіпкерлер төлем сомасын әдейілеп төмендеткендей болады. Мұндай жағдайға көбінесе білім беру мекемелеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлер тап болады.

Эльмира Садвокасова