Қазақстанда “KZ ” және “ҚАЗ” домендік атаулары бар серверлерді көшіру мерзімі аяқталды. Елден тыс жерлерде тіркелген интернет-ресурстар ақпанның 1-і күні өшірілді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі хабарлады.
Бүгінде қазақстандық интернет кеңістігінде 175 мыңнан астам домендік атау бар. Бірінші деңгейлі “KZ”, “ҚАЗ” домендік атауларының 100 мыңға жуығы жұмыс істеп тұр. Ведомство вице-министрі Асхат Оразбековтың айтуынша, өткен жылдың қазан айынан бастап “KZ” және “ҚАЗ” доменіне 27 мың сайт ауысқан. Жақында бұл тізім тағы 21 мыңға дейін толықпақ. Отандық хостингтердің қауіпсіздігіне келетін болсақ, мемлекет оларды қорғауға кепілдік беріп отыр. Бұл үшін елімізде 12 арнайы орталық, сондай-ақ, webtotem порталы құрылды. Норманы енгізу айтарлықтай пайдаланылмайтын ресурстары бар отандық дата-орталықтарды толыққанды жүктеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешендерді ел аумағына орналастыру қажеттілігімен негізделген екен. Айта кетейік, осындай деректерді өңдеу орталықтарының бірі Петропавлда тұрғызылуда.
Айдана Алтаева – ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы:
– Қазіргі таңда Қазақстанда 12 ақпараттық қауіпсіздік орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, webtotem порталын ақысыз түрде ұсынып отырмыз. 06:48 Домендерді ауыстыру үшін бюджеттік қаражаттан ешқандай қаражат бөлінбейді.
Ешкенова Дана