Спорт

“Qulager” ХК өскемендік “Торпедо” командасына есе жіберді

“Qulager” хоккей клубы өскемендік “Торпедо” командасына қос кездесуде де есе жіберді. Матчтар ақпанның 5-і мен 6-сы күндері Шығыс Қазақстан облысының орталығында өткен болатын.

Алғашқы ойын 2 де 0 есебімен аяқталды. Ал қарымта бәсекеде 3 те 2 есебі тіркелді. Жергілікті құрама сапынан шабуылшылар Альберт Вишняков пен Кирилл Власов көзге түсті. Қазіргі таңда петропавлдық ұжым турнирлік кестенің 7-ші сатысында тұр. Қоржында 54 ұпай бар. Айта кетейік, қазіргі таңда “Торпедо” 96 ұпаймен көш басында келеді. Құлагерліктердің келесі қарсыласы – павлодарлық “Еrtіs”. Павлодар қаласында өтетін ойындар алдағы сейсенбі және сәрсенбі күндеріне жоспарланған.

Александр Троицкий – “Qulager” ХК бас бапкері:

– “Торпедо” – өте тәжірибелі команда. Жеңіліп қалсақ та негізі жақсы ойын өрнегін көрсеттік деп есептеймін. Шайбалардың басым көпшілігі қарсыластарымыз сан тұрғысынан басым болған кезде соғылды. Алдағы уақытта осал тұстар бойынша жұмыс жасаймыз.

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев