Құқық қорғау органдары

Қазақ зағиптар қоғамында ұрлық фактісі тіркелді

Петропавлдағы “Қазақ зағиптар қоғамы” ұйымында ұрлық фактісі тіркелді.

Мекемеде қызмет ететін 29 жастағы ер адам өткен жылы кәсіпорын балансындағы жарамсыз жүк тиегішті арзан бағаға жөндейтінін айтып, алып кеткен. Алайда, араға біршама уақыт салып өзі де жоғалған, арнайы техника да қайтпаған. Осыдан кейін қоғамдық бірлестік директоры тәртіп сақшыларына жүгінеді. Мамандар жедел іздестіру нәтижесінде пысықайды тапқан. Ол ескі жүк тиегішті қалыпқа келтірудің орнына оны металл қабылдайтын жерге өткізіп жіберіпті. Бүгінде Қазақ зағиптар қоғамына келтірілген шығын 700 мың теңгені құрап отыр.

Ешкенова Дана