Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” мен ресейлік “Шинник” командалары тең түсті

Жергілікті “Qyzyljar” мен ресейлік “Шинник” командалары тең түсті! Түркия елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында ұйымдастырылған матч 2 де 2 есебімен аяқталды.

Бұл ойында солтүстікқазақстандық қорғаушы Игорь Губанов пен жартылай қорғаушы Максим Драченко қанжығаларын майлады. Қазіргі таңда қызылжарлықтар Қара теңіз жағасында тынымсыз жаттығып жатыр. Қатарға жаңадан аяқ деп шеберлері де қосылуда. Солардың бірі – талантты черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич. Өткен жылы ол көкшетаулық “Оқжетпес” сапында өнер көрсеткен болатын. Ұжымның жаттықтырушылар құрамы да өзгерді. Мамандардың қатары “EURO-2008” чемпионатының қола жүлдегері Денис Колодинмен толықты.